Бұқаралық ағарту жұмыстары. Музейге келушілер үшін бұқаралық ағарту жұмыстарының барлық түрлерін белсенді түрде жүргізіп отырады: лекториялық жұмыстар мен қызықты кездесулер клубы, мерзімді түрде жүйелі түрде өткізіліп отырылатын өлкетану оқулары, әртүрлі тақырыптағы әңгімелер өткізу қызметі жүргізіледі, экскурсия-сабақтар, видеоэкскурсиялар, ардагерлермен кездесулер ұйымдастылады, туған өлке тарихы білгірлерінің конкурсы, жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін тақырыптық кештер ұйымдастырылып отырады.

 

«Қазақстан тарихы: жаңа көзқарастар» лекториясының жұмыстары қазіргі заман тарихы мен саясатының өзекті тақырыптарына, оның ішінде:

 

«Академик Қ.И. Сәтпаев және Қазақстан ғылымы»

 

«Үзілген тағдыр өзегі». Т. Рысқұловтың туғанына 110 жыл

 

«Балқаш қаласының монументтері мен ескерткіштері»

 

«Қазақстан қоғамын демократияландыру процессі және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

 

«Ұлтаралық және дінаралық бірлікті нығайту – Қазақстанның ішкі тұрақтылығының кепілі» және «Орталық Қазақстанның көрнекті зерттеушілері» тақырыбында:

 

- В.В. Радлов

 

- Ш.Ш. Уәлиханов

 

- «Балқаш қаласындағы БАҚ тарихы»

 

- «Прибой» әдеби бірлестігі

 

- «Книга с автографом», «Мы живем с тобой у моря под названием Балхаш» (Р. Тамарина),

 

- «Балхаш в творчестве поэта А. Шлыгина»

 

- «Балхашские литературные маршруты Л. Мартынова, С. Маркова, В. Иванова»

 

- «Балхаш в художественной литературе»

 

- «Т. Қойшыманов – жерлес жазушы-журналист»

 

- «С. Санбаев: сквозной сюжет Балхаша»

 

- Ш. Құдайбердиев

 

- Г. Потанин және т.б. арналды.

 

Қызықты кездесу клубы

 

Қызықты кездесулер клубының қонақтары болып Балқаш қаласының Құрметті азаматтары, Социалистік Еңбек Ерлері Н.Чекушина, Н.Абугалиевтер, Қаз КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю. Лебедев, Еңбек сіңірген дәрігері Қ.Қасымов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері К.Маков, Мишановский, К.Көшербаев, М.Данникова, Қаз КСР еңбек сіңірген құрылысшысы М.Борщевская, Қаз КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері И.Струсинский және тағыда басқалары келді.

 

Балқаш қалалық музейінің жетекшілігімен жұмыс істейтін жас жеткіншек өлкетанушылардың «Жас шежіреші» үйірмесі немесе клубы соңғы 6 жылдың көлемінде тұрақты жұмыс істеп келеді. Әр жылдары ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптары өзгертіліп отырады. Мысалы, 2004 жылы «Қала картасындағы сенің есімің» конкурстық тақырыптық бағдарламасы бойынша, № 10 орта мектебінің ізденіс тобы қаланың орталық көшесі бойынша жаяу экскурсия өткізсе, №2 Абай атындағы лицейі Балқаш өңірінің ақиық ақыны Ш. Қошқарбайұлының ұрпақтарының басын қосты, №7 мектеп-гимназиясы халық ақыны Нарманбет Орманбетұлының көшесі бойында көше тұрғындарының арасында олардың ақын есімімен таныстығы жайлы қоғамдық сұраныс жұмыстарын жүргізді, ал №17 орта мектебінің ізденіс тобы рейхстагқа шабуылдың қаһарманы Р. Қошқарбаев көшесінде митинг ұйымдастырды.

 

Музей өткізіп отыратын бұқаралық шаралардың саны жыл сайын 60-70 жетіп отыр, олардың 3/1 бөлегі мұражайдан тыс өткізіледі.

 

Қаламыздың ең кішкентай тұрғындары үшін «Балдырған», «Күншуақ», «Вишенка», «Алпамыс» балабақшаларында «Туған өлкем, байлығым - Сарыарқа», «Қазақтың киіз үйі», «Ғажайыптар елінде» және т.б. викториналар өткізілді.

 

Музей қызметі аясынан өндірістік ұжымдар да тыс қалып көрген емес. Өндіріс орындары мен мекемелерінің жетекшілері, қоғамдық ұйымдары мен музей ұжымы арасындағы тұрақты байланыс нәтижесінде әртүрлі конференциялар, семинарлар, қонақтар, жұмыс барысындағы іссапармен келген қонақтар үшін олардың өтініштері бойынша VIP – экскурсилары өткізіліп отырылады. Жаз айларында мектеп жанындағы және қала сыртындағы демалыс лагерлерінде демалушы балалар мен қала тұрғындарын музей қызметін пайдалануға шақыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Жанрлық-тақырыптық шешімдерінің ерекшелігі, қатысқан аудиторияның ауқымдығы тұрғысындағы көлемді бұқаралық-ұйымдастыру шараларының қатарына:

 

- «Ұлттық операның бастауында» (К. Байсейітова, Э. Епонешникова, М. Ержанов). Абай атындағы опера театр балетінің 70 жылдығына орай.

 

- Қалалық еңбек және оқу орындары ұжымдары арасындағы «Наурыз мейрамы» бағдарламасындағы қазақ ұлттық костюмдерінің «Жаңғырған ата салтымда» конкурсы

 

- «Наурыз - 2004» бағдарламасы бойынша өткізілген қазақ ұлттық костюмдерінің «Ұлттық киім – халық шығармашылығының синтезі» конкурсы - Қала туған күніне орай, қаладағы мәдениет мекемелері күнінде ұйымдастырылған «Обьективтегі тарих» фотовернисажы

 

- Академик Ә.Х. Марғұланның туғанына орай өткізілген онкүндік(бағдарламада: көрмелер, лекциялар, әңгімелер, «Әлекең асқан асулар» )

 

- «Рухы жоғарғы халықтың тарихы мәңгілік» ерлік сабағы Жеңістің 59 мерекесіне арналды.

 

- «Строкою русского романса» музыкалық кеші

 

- «Отан қалқаны» жас жауынгерлер, ҚР Конституциясы күндеріне арналған көшпелі іс – шаралары

 

- «Мыс алыбы» комплексті көшпелі көрме, Металлургтер күніне арналған (Мәдениет сарайы).

 

- Қазақстан халықтары тілдерінің айлығы бағдарламасының аясында «Қазақ тілі: тарихтағы келбеті» тақырыбандағы «Дөңгелек үстел»

 

- Қазақстан халықтар тілідерінің айлығы бағдарламасының аясындағы «Ғасырлар үні» казақ фольклорының кеші.

 

- «Жеңіс тарихының парақтары» - «Страницы истории Победы» жауынгер И.Т. Дементьевтің портрет-кеші

 

- «Қала картасындағы есімдер кеші» тақырыбындағы «Жас шежіреші» мектептің ізденіс топтарының байқауы

 

- Мемлекеттік Тәуелсіздік күніне арналған этнографияны, мәденитті, тарихты білуші студенттер арасындағы «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» конкурстарын жатқызуға болады.

 

Әдістемелік жұмыстар

 

Музей қызметкерлері қоғамдық музейлерге белсенді түрде ғылыми – әдістемелік және консультациялық көмек көрсетіп, олардың жұмыстарын үнемі бақылауда ұстап отырады.

 

Жыл сайын қоғамдық және мектеп музейлеріне арналған практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мысалға, № 4 орта мектебі қоғамдық музейінің негізінде «Жас зерттеушілердің өлке тарихын зерттеуге және насихаттау жұмыстарына қатысуы» тақырыбында қалалық мектептердің ізденіс топтары және қоғамдық мұражайлары үшін семинар – практикум өткізілді. Семинар мектеп мұражайларының, ізденіс және ізшілер топтарының тәрбиелік, ізденістік, насихаттаушылық және олардың өлкетанушылық мақсаттағы жұмыстарының нақты жағдайлары мен бағыттарын анықтап, мүмкіндіктерін ашып көрсетті, әрі жұмыс істеуді жақсартудың қажетті жолдары бойынша ұсыныстар жасады.

 

Қалалардың қала сыртындағы жазғы демалыстарын ұйымдастырушылармен «Жазғы сауықтыру лагеріндегі өлкетанушылық жұмыстары: әдістік негіздері мен мазмұны» тақырыбында сабақтар өткізілді. Семинарға қатысушыларға Бектауата қойнауларында орналасқан демалыс лагерлерінде демалатын балалар үшін тарихи-өлкетанушылық және өлкетанушылық-табиғаттанушылық жұмыстарын олардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныстар беріледі.

 

Әр жыл сайын, музей ғылыми қызметкерлері мектептердегі қоғамдық музейлеріне жоспарлы түрде келіп, сол жерде экспозицияларды орналастыру, еспке алу құжаттарын жүргізу тәртібі бойынша ақыл-кеңес беріп отырады.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс

 

Музей қызметін көпшілікке насихаттау қызметкерлердің теле және радиодағы сөздері мен облыстық, жергілікті газеттерге мақалаларды жариялау арқылы жүзеге асырлады.

 

1. «Рухы биік ұрпақ – басты мақсат» № 7-8 (11521) 20 қаңтар 2010ж. «Балқаш өңірі» газеті. Н.Қанафин.

 

2. «Балқаш қалалық мұражайының 2009 жылы атқарған жұмысы жайлы ақпараты», № 11 (11524) 27 қаңтар 2010 ж. «Балқаш өңірі» газеті. А.Сеильханова

 

3. «Жарқын бейне», № 25-26 (11539) 24 қаңтар 2010 ж. «Балқаш өңірі» газеті. Өз тілшімізден.

 

4. «Светлая память», № 20-21 (569) 19 ақпан 2010ж. «Северное Прибалхашье» газеті.

 

5. «Наурызға көрік берген сұлу сән», №39-40 26 наурыз 2010 ж. «Балқаш өңірі» газеті. Д.Кожаков

 

6. «Знатоки история края», № 120 20 қазан 2010ж. «Северное Прибалхашье» газеті. А.Рожкова

 

7. «Бабалар мұрасы- халық қазынасы», № 126-127, 22 октября 2010 ж. «Балқаш өңірі» газеті З.Сыздыкова

 

8. «Балқаш - қобызшылар мекені», № 129-130 (11642) 29 қазан 2010ж. «Балқаш өңірі» газеті өлкетанушы К.Сардарбек.

 

9. «Музей әсері», 20 қараша «Балқаш өңірі»газеті. Өз тілшімізден.

 

10. «Юный летописец», №146 от 22 декабря 2010 г. газета «Северное Прибалхашье» А.Рожкова

 

11. «Балқаш теміржол магистралі: тарихы мен маңызы» №154 29 қаңтар 2010 ж. Д.Кожаков т.б.