Жаңалықтар

26-ақпанда қалалық музейдің этнография залында «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Көненің көзі» квест - ойыны болып өтті.

19 ақпанда қалалық музейдің археология залында «Ұлы Даланың 7 кереметі » бағдарламасы аясында «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» конференц - сабағы болып өтті. Шараға қатысқан Балқаш көпсалалы колледжі студенттері әлемдік тарихта металлургия саласының алғашқы отаны болып саналатын  Сарыарқа металлургиясының тарихымен танысып, музей қызметкерлерінің ұйымдастырған «ежелгі заман шеберханасында»  ежелгі замандардағы қару - жарақ – қанжар, садақтың ұшы, әшекей бұйым, «Алтын адам» киімінің фрагменті – үшбұрышты жапырақшаны еріген қалайдан  өздері қалыпқа  құйып көрді.