27 ақпан күні қалалық тарихи - өлкетану музейінде әрбір қазақстандықтың бойында  қазақстандық елжандылықты тәрбиелеу мақсатында   «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» дөңгелек столы болып өтті. Шара жұмысына  «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің, қала ардагерлер қоғамының және қалалық ұлттық-мәдени  орталықтарының өкілдері мен медициналық колледж студенттері қатысты. Жиын барысында көпұлтты Қазақстандағы достық, діни-мәдени өзара келісім мәселелері талқыланды.